САПАЛЫ ЖОЛ: ШЫМКЕНТТІК ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Spread the love

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев бастаған жұмысшы топ «Сапалы жол» жобасы аясында қаладағы Тұран мөлтек ауданы №6 және №7 көшелердегі жолдың сапасына мониторинг жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты – автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау.
Рейдтік шара барысында жолдардың асфальт бетон жамылғысынан жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы сынамалар алынып, жолдың құрамы мен стандарты, сапасы мен қауіпсіздігі сараланды.
Кешенді мониторингтік бақылау жұмысына «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының қалалық филиалының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және БАҚ өкілдері қатысты.
Рейдтік шара барысында көшелердің суағарлары дұрыс емес, жолдарда ойыстар мен жиектерінің сынғандығы анықталды. Осы және өзге де кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша мердігер компанияларға ескертілді. Аталған көшелерді ағымдағы жылдың қазан айына дейін тапсыру жоспарлануда.
Айта кетейік, 2020 жылы «Сапалы жол» жобасы аясында Департамент Жол Активтерінің Ұлттық сапа орталығымен және азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, 23 рейдтік іс-шара өткізіп, 98 кемшіліктерді анықтаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *