Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Қазығұрт ауданындағы сапары барысында “Жаңатірлік” жалпы білім беретін мекемесіне де барды. Бірдестен қоршаудың толық аяқталмағанын көрген басқарма басшысы, толықтай орнатқан тіреуіштерін көрді. Жасаған істі өз уақытында аяқтамағанмен қоймай, компания жанына шұңқырлар қалдырған. Келісім шарт бойынша 2023 жылдың 27 қазан күні толық бітіріп, қолданысқа беруі керек еді. Мемлекеттік тапсырыс арқылы “Ақниет Holding” атты компания жеңіп алған. Ғалымжан Сұлтанбекұлы мұндай жағдайды жайдан жай қалдырмайтынын алға тартты.
“Өз ісіне салғырттық танытқан мердігер мекеменің салдарынан мектеп толық қоршалмай қалды. Келісімшартта көрсетілген мерзімде аяқтай алмағандарды заң жүзінде шара көру керек. Қалалық/аудандық білім бөлімдері көрсетілген мерзімде өткізе алмай, 1 күн кешіксе сотқа арызданып, мәселені қайта қайталамайтынындай қылу керек” , — деп тапсырма берді. Аудандық білім бөлімі бұл бойынша 31 қазан күні сотқа арызын тапсырды.
Айта кетейік, “Жаңатірлік” жалпы білім беретін мекемесі 1970 жылы пайдалануға берілген. 3 корпустан тұратын білім мекемесінің 53 жыл бұрын қолданысқа берген корпусы жарамсыз. Ал, 2002 жылы ғимаратының сыйымдыоығы 170 оқушыны құрайды. Жалпы оқушы саны- 600-ге жуық. Мұнда 242 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.