Рәміздер белгіленді – 1992 жыл

Spread the love

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Қазіргі орындалып жүрген әнұранның авторлары Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімединов, әуенін жазған Шәмші Қалдаяқов. Тәуелсіз елдің елдігін, әлемдік аренатағы ресми «құжатын» танытатын бірден-бір белгісі – мемлекеттік рәміздері. Соның ішінде Елтаңба мен Ту. Бұл екі символика да Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей мақұлдауымен, халықтың таудауымен жасалған. Ал Әнұранның авторлығына Елбасының өзі де араласты. «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», — деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *