ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІ ПЕДАГОГТАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Spread the love

Білім беру саласында елеулі еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім беруде көзге түскен тағы бірқатар педагогтарымыз облыстық байқаудан жүлде алды. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу факторы» атты дәстүрлі озық тәжірибелі педагогтар слетінде үш бірдей ұстазымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Онлайн форматында өткен байқаудың «Үздік әдістемелік калейдоскоп» атты сабақты талдау бағыты бойынша қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Тоғжан Жаңбуршықызы Кенжебаева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, «Үздік әдістемелік калейдоскоп» атты ғылыми жоба жұмыстары бағыты бойынша №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназия директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, бүгінде №1 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметімен еңбек жолын жалғастырып келе жатқан Райхан Серікқызы Әділбекова І дәрежелі дипломға ие болды. Ал, «Үздік әдістемелік калейдоскоп» атты 100 тірек мектебі бағыты бойынша №21 М.Пошанов атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Майра Құдайбергенқызы Исрайлова «Жаңашыл әдістемелік көзқарас» номинациясын иеленді.
Жүлдегер ұстаздарды қалалық адами капиталды дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ақмарал Пернеханқызы Асылбекова құттықтап, дипломдарын табыс етті. Сонымен қатар, алдағы педагогикалық қызметтерінде зор кәсіби жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *