Ордабасы ауданының 2021 жылы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылатын жұмыстармен іске асырылатын жобалар.

Spread the love

Құрметті Ордабасылықтар!

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес, өңіріміздің  ауыл әкімдері 25-қаңтардан бастап аумақтарда жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстардан хабардар етуде.

Өкінішке орай, еліміздегі орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты, биыл карантин талаптарын орындау және тұрғындарымыздың саулығын сақтау мақсатында есепті кездесулерді онлайн жүйеде өткізуге мәжбүрміз.  

Өткен жылы бүкіл әлем пандемияның зардабын кешті. Елімізде егемендік алғалы тұңғыш рет Төтенше жағдай режимі енгізіліп, сақтық шаралары күшейтілді. Ауданымызда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 22 блокбекет  орнатылды. 2 мобилді топ санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырды.  «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша санитариялық-дезинфекциялық режимдерін сақтамаған тұлғаларға хаттама рәсімделді. 

Бүгінде жағдай тұрақталғанымен, қауіп әлі сейілген жоқ. Әлеуметтік ара қашықтық, медициналық бетперде әлі күнге міндетті екенін назарларыңызға саламын. Бұл шаралар ең алдымен әр азаматтың жеке өзінің, отбасының және туған-туысының саулығын сақтау үшін аса маңызды. 

Әйтсе де, карантин режимінде  де Ордабасылықтар нәтижелі еңбек үлгісін көрсетіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтуіміз керек.

Ауданымызда экономикалық саясат пен инфрақұрылымдық дамудың жоспары 7 бағытта жүзеге асырылуда. 

Ол: көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту, энергетикалық инфрақұрылымдарды  дамыту, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы мен су және табиғи газбен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын нығайту, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнес пен  іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыру. 

Қиындықтарға қарамастан 2020-жыл Ордабасы үшін өсу, өркендеу, даму кезеңі болып тарихта қалды.  

Ауданымыздың өткен жылғы көрсеткіштері өздеріңізге бейнеролик арқылы баяндалды. Ендігі кезекте кей мәселелерге тоқталып, алдағы даму бағыттары мен іске асырылатын жобаларды айтып өтуге рұқсат етіңіздер.

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 

    Ағымдағы жылы ауданда жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемін 94 млрд. 050 млн. теңгеге  (2020 жылы 87 млрд. 891 млн. теңге) немесе тиісті кезеңмен салыстырғанда 107,0 пайызға жеткізу жоспарлануда (Өнеркәсіп саласы ЖӨК 22 млрд. 800 млн. теңге; Ауыл шаруашылық саласы ЖӨК 55 млрд теңге; Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд. 150 млн. теңге; сауда саласы 8 млрд. 100 млн. теңге). Жан басына шаққанда 767 млн теңге. 

БЮДЖЕТ САЛАСЫ 

    Биылғы жылғы аудан бюджеті 22 млрд. 843 млн. теңгеге, Оның ішінде даму бюджеті (инфрақұрылымды дамытуға және жаңа құрылыстарға)2 млрд. 559 млн. теңгеге бекітілді.  

Жергілікті кірістер 2 млрд. 942 млн. теңге (2020 ж 3 млрд. 274 млн.тенге),  үлес салмағы 7,9 пайызды (2019ж -8 пайыз) құрайды.

 

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

    Жалпы өнеркәсіп өнім көлемін 2021 жылы  22 млрд. 800 млн. теңгеге жеткізіп, нақты көлем индекісін 104,5 пайызға (2020 ж. 22 млрд. 518,6 млн. теңге 104,1%), өңдеу өнеркәсібі өнімінің  көлемін 20 млрд. теңгеге жеткізіп,  нақты көлем индексін  104,0 пайызға (2020 ж. 19 млрд. 400 млн.  теңге 103,7%) артады деп күтілуде. 

    Өнім көлемі негізінен индустрияландыру картасы аясында іске асқан инвестициялық жобалардың өндіріс қуаттылығын жүктеуі есебінен артатын болады.  

    Мемлекеттік индустриаландыру картасы аясында биылғы жылы 29 млрд. теңге құрайтын 465 жаңа жұмыс орнымен 4 жоба іске қосылады деп күтілуде. 

    «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 1 млн. тонна  мұнай-химия өңдеу заводының І-кезеңі іске қосылып 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады  (құны 24 млрд. теңге);

    «RZN» ЖШС-нің автоклавталған газдалған бетон өнімін өндіру жобасы 150 жұмыс орнымен іске асады (құны 1 млрд. 600 млн. теңге);

    «NA Constraction» ЖШС-нің жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы 100 жұмыс орнымен (құны 2 млрд. 600 млн. теңге);

    «Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы 15 жұмыс орнымен (жалпы құны 800 млн. теңге) ашылатын болады.

    Ағымдағы жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 51 млрд. 475 млн. теңгеге жеткізіп , тиісті кезеңмен (2020 жылы 44 млрд. 800 млн. теңге) салыстырғанда 114,9 пайызға артады деп күтілуде.

    Мемлекеттік бағдарламалар «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы, «Бизнестің жол картасы-2025» аясында және Микро қаржы ұйымдары арқылы (2020 жылы 5 млрд. 100 млн.теңге.) игерілетін инвестиция көлемін 17 млрд. 444 млн. теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

    Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 55 млрд. теңге жеткізіп (2020 жылы 50 млрд. 204 млн. теңге 105,9 пайыз), тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 млрд. 800 млн. теңгеге арттыру жоспарлануда. Оның ішінде егін шаруашылығы 27 млрд. 900 млн. теңгеге мал шаруашылығы 27 млрд. 100 млн. теңгені құрайтын болады.

    Егін шаруашылығы: Биылғы жылы 65774 га жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып, егіс құрылымына сәйкес, 25 200 га дәнді, 7 200 га  майлы дақылдарды, 620 га картоп, 2 100 га бақша, 3 088 га көкөніс, 5 700 га мақта, 22  000 га  мал азықтық дақылдары егілетін болады.

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде бір жерден екі өнім алатын 257 шаруашылықтың тізімі жасақталды, жалпы көлемі 505 га (2019 жылы 83 шаруашылық 169  га жер), болжаммен 1-ші  өнімге 11 600 тонна, 2-ші өнімге 9 616 тонна көкөніс, бақша, картоп, жүгері  өндіру жоспарлануда.

    Ағын суды үнемдеу, инновациялық жобаларды енгізу мақсатында үй іргелік жерлерді Израйльдік тәсілмен игеру бағытында, 314 жеке тұлға ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп, өндіру қолға алынады.

    Сондай-ақ, Шұбарсу халқын тұрақты жұмыспен қамту, мақсатында жылыжай  аймағын құру жобасы мақұлданып, 15 га жер телімдері жылыжай салуға ниетті 72 азаматқа берілді. Бұл дегеніміз аудандағы жылыжай алаңдары ағымдағы жылы қосымша 15 га ұлғайтылып, жалпы 102 га құрайды, жылыжайдан алынатын өнім Республикамыздың өзгеде аймақтарындағы халқын көкөніспен қамтамасыз етіп, экспорт әлеуетін арттыратын болады.

    Сонымен қатар демеушілер есебінен 32 каналды механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, жалпы ұзындығы – 218,4 шақырым, суармалы жер көлемі — 15 515  га, жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсаратын көлемі- 3 883 га.

    Аудан аумағындағы Р-6, Найман, Құртай және Қазыналы каналдары күрделі жөндеуден өткен жағдайда суармалы егістік көлемін қосымша 1670 гектарға ұлғаюына қол жеткіземіз. Бұл бағытта қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Төрткөл ауыл округінде орналасқан Р-11-С, Р-11-К, Р-12 каналдарының жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Нәтижесінде ұзындығы 45 шақырымды құрайтын – 5 470 гектардың ағын су мәселесі шешімін табады.

    Жер асты суларын төмендету үшін тік дренаж ұңғымаларын қайта жаңарту бойынша Жеңіс, Төрткөл, Қарақұм, Бадам ауыл округтеріндегі 186 дренаждарға жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, қорытындысы алынып, құжаттары әзірленуде.

    Мал шаруашылығы Ірі қара малды 72 600 басқа 103,0%, уақ малды 420 000 басқа 102,5%, жылқыны 25 000  басқа 102,4%, түйені 750 басқа 107%, құсты 487 000 басқа 114% артыру жоспарлануда;

    Мал шаруашылығының өнімдерін өндіруді, етті 24,0 мың тоннаға 102,0%; сүтті 48,5 мың тоннаға 105,0%; жұмыртқаны 10,5 млн. данаға 107% жеткізуге жоспарланып отыр.

    Бұл бағытта, жұмыртқалы құс шаруашылығы бағытында 2 бірлік құс фермасы іске қосылатын болады. Олар Бөржар ауыл округінен «Рыс» ӨК 5 мың құстың аналық басын өсіріп 2021 жылдың II –жарты жылдығынан кейін 900 мың дана жұмыртқа өндірсе,  Шұбар ауыл округінен «Абеке» ШҚ 17 мың құстың аналық басын өсіріп, II –жарты жылдығынан кейін 3 млн. дана жұмыртқа өндіруді жоспарлап отыр.

    Мемлекеттік бағдарламалар жоспары: «Сыбаға» бағдарламасы 550 бас; «Құлан» бағдарламасы 277 бас;  «Алтын асық» бағдарламасы 2150 бас сатып алу іске асырылады. 

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

    «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы (мақсаты – нақты көмекке мұқтаж адамдарға мемлекет тарапынан жәрдем көрсету, кедейлік шегінен шығару) аясында 1 836 отбасының 10 039 адамына 1 млрд. 058 млн. теңге қаралды (оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 008 млн. теңге, аудандық бюджеттен  50 млн.теңге).

    Жоспарланған атаулы әлеуметтік көмек алушылар аудандағы тұрғылықты халықтың 8,2 пайызын құрайды.

    Биылғы жылы 1 836 отбасының 1 жастан 6 жасқа  дейінгі 4 008 баласына кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге жалпы 301 млн. 154 мың теңге қаралды. (Оның ішінде республикалық бюджеттен 281 млн. 154 мың теңге, аудандық бюджеттен 20 млн. теңге).

    Сонымен қатар 60 азаматты қысқа мерзімді оқу курстарына оқытуға жергілікті бюджеттен 13 млн. 112 мың теңге сұратылды.

    200 азаматқа грант беру үшін 116 млн. 680 мың теңге, 100 азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға 33 млн. теңге және 200 азаматты жастар практикасына жолдауға 87 млн. 510 мың теңге бөлінді.    550 азаматты қоғамдық жұмысқа қатыстыру үшін 257 млн. 110 мың теңге (жергілікті бюджеттен 41110,0 мың теңге және республикалық бюджеттен 216 000,0 мың теңге) бөлінді.

 

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

    Ауданды дамытудың басым бағыттарының бірі құрылыс жұмыстарының көлемін  2021 жылы 8 млрд. 150 млн. теңгеге арттыру жоспарланып отыр (2020 жылы 7 млрд. 967,3 млн. теңге 102,0 пайыз).

    Былтырғы жылдан өтпелі болып саналатын құрылысы жұмыстары жалпы  11 нысан, оның ішінде:

    Облыстық бюджеттен:

    Шұбарсу ауылы 600 орындық мектеп құрылысы;

    Бадам ауыл округі, Дербес елді мекеніндегі С.Мұханов атындағы 300 орындық жалпы орта мектеп құрылысы;

    Бадам ауыл округі Бадам елді мекені Қажымұқан атындағы 200 орындық жалпы орта мектеп құрылысы;

    Шұбарсу ауылы «Б.Нұрлыбеков» мектебіне 200 орындық оқу корпусы құрылысы;

    Төрткүл ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы;

    Қызылжар елді мекеніндегі «Қызылжар» жалпы орта мектепке 300 орындық қосымша оқу корпусінің құрылысы;

    Бадам ауылындағы «Орда» мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық жүелерінің құрылысы (су, электр, жол);

   

    Облыстық бюджеттен 2021 жылы құрылысы 2 нысан құрылысы басталады. 

    Төрткөл ауылынан спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы;

    Қажымұқан ауылынан салынатын Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешенінің құрылысы;

   

    Аудандық бюджеттен:

    Темірлан елді мекенінен бөлімдерге арналған әкімшілік ғимарат құрылысы;

    Жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу

    Білім саласы бойынша-6 нысан ЖСҚ-ы  (Елшібек батыр-200 орындық, Ынтымақ ауылы-200 орындық, Шұбарсу-600 және 1200 орындық,  Темірлан елді мекеніндегі Самал м/а -600 орындық, Бадам ауылынан Орда м/а -600 орындық мектеп құрылыстарына).

    Тұрғын үй құрылысы бойынша-3 жоба ( Темірлан е/м 2 қабатты -10 үй, Шұбарсу е/м екі қабатты -10 үй, Темірлан е/м бір қабатты -10 үй).

    Инженерлік инфрақұрылым жүйелері бойынша-2 жоба (Темірлан елді мекенінен 70 га жер теліміне, Шұбарсу елді мекенінен 80 га жер теліміне) жасалады. 

   

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

    Автожол саласы:    Биылғы жылы аудандағы (10 ауылдық округ) елді мекендерінің көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына  жергілікті бюджет есебінен 664 млн. теңгеге 26 көшені (31,8 шақырым) орташа жөндеуден өткізілетін болса, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 31 жолды (35,6 шқ) орташа жөндеуден өткізу үшін құжаттары облыстық салалық басқармаға ұсынылды (Құны 1 млрд. 090 млн. теңге) Нәтижесінде елді мекендердегі көшелердің жағдайы 43 пайызға жақсарады. 

    Ауыз су;    2021 жылы 6 елді мекенде (Аққойлы -376 млн. теңге, Қараспан -944 млн. теңге, Бейсен, Мақташы -513 млн. теңге, Сарыарық-197 млн. теңге, Шұбарсу   (2 кезең) – 1 млрд. 760 млн. теңге, Шұбарсу (3 кезең) – 2 млрд. 072 млн. теңге) ауыз су жүйесін қайта құруға ЖСҚ әзірленіп, тиісті салалық басқармаға ұсынылды. 

    Абаттандыру жұмыстары бойынша: Өтпелі нысан болып келген Темірлан ауылы ішінен өтетін «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар жол бойындағы Абасов көшесі облыстық бюджет есебінен 280 млн. 956 мың теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 

    Сонымен қатар  жергілікті бюджет есебінен Темірлан елді мекені, Оразбаев (64 млн. 781 мың теңге), Сатыбалды көшелеріне (48 млн. 880 мың теңге) абаттандыру жұмыстарын жүргізілетін болады. 

    Табиғи газбен қамтамасыз ету: Аудандағы 57 елді мекеннің (122358 халық)  7 елді мекені (23 833 халық немесе 19,6 пайыз) табиғи газбен қамтылып, қамту көрсеткіші 21,1 пайызға жетті.

    18 елді мекеннің (Жамбыл, Бейсен, Ақжол, Батыр ата, Мақташы, Елшібек батыр, Тоқсансай, Сарытоғай, Бөген, Қызылжар, Көкарал, Төрткүл, Қараспан, Төреарық, Шұбар, Ынталы, Амангелді, Еңбекші) табиғи газбен қамту үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалып, салалық басқармаға ұсыныс берілді. Алдағы уақытта 15 елді мекенге газ құбыры жүргізілген жағдайда, аудан тұрғындарының 40,2 пайызы көгілдір отынмен қамтылады.

    Бүгінгі таңға аудан халқын 100 пайыз газбен қамту мақсатында аудан бюджеті есебінен 20 елді мекенді (Шұбарсу, Қарақұм, Жеңіс, Береке, Жусансай, Сарыарық, Аққойлы, Ақпан, Мәдениет, Жайылма, Жаңатұрмыс, Нұра, Бадам, Ордабасы, Мамыр, Дербес, Қарабастау, Ақбұлақ, Дихан, Қалаш) газдандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

    Облыстық бюджет есебінен биылғы жылы аудандық орталық аурухананың ғимаратын 1 млрд. 210 млн. теңгеге және Төрткөл ауылдық ауруханасы  ғимаратын 157 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Қайнар, Жеңіс дәрігерлік амбулаторияларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар  7елді мекенге (Көкарал, Қызыл Жар, Төре арық, Көлтөған, Дербес, Ықылас Темір, Қарабастау) фелдшерлік акушерлік пункт мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы (ГЧП) салынады. 

 

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ САЛАЛАРЫ

    Жеңіс,Төрткүл, Бөржар ауылдық мәдениет үйлерінің ғимараттары ағымдағы  жөндеуден өткізіліп,    Шұбарсу ауылында 200 орындық мәдениет үйі, Берген ауылында 150 орындық мәдениет үйі спорт кешенімен бірге  аудандық бюджеттен сатып алынып, халыққа қызмет көрсету үшін пайдалануға беріледі.

    Спорт саласы: Өздеріңізге мәлім биылғы жылы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150-жылдық мерей тойы кең көлемде  атап өтуге біршама жоспарлар түзіліп отыр.

     Сонымен қатар Төрткөл ауылынан «Ауыл  — Ел бесігі» бағдарламасымен спорт кешені құрылысы жүргізілсе, Бөржар ауыл округі, Теспе ауылынан алаңша, Қайнар ауылынан спорт зал, Шұбар ауыл округі, Шұбар ауылынан алаңша, Бөген ауыл округі, Бөген ауылынан спорт зал, Қажымұқан ауылынан «Ұлытау» жабық қаңқалы бокс пен күрес залы мен Темірлан ауылынан кіші жабық футбол алаңшасы ашылады.

     

ТУРИЗМ САЛАСЫ

    Туризм саласында 1 жоба, инвестициялық құны 1 млрд. 300 млн. теңгеге, 100 жұмыс орнымен іске асырылады деп жоспарлануда:

    — Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай қазақ даласы батырының атына мемориалдық кешен (оның ішінде кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы, спорт залы, басқа да қажетті бөлмелермен қамтылмақ.) салынатын болды. Заманауи үлгіде бой көтеретін нысанның құрылыс (5,0 га жер телімінде) жұмыстары басталады деп күтілуде.

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяуда жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында қазақстандықтардың ел өміріне белсенді араласуын оң бағалап, көппен кеңесіп шешім қабылдауды Ордабасыдағы, Күлтөбедегі, Ұлытаудағы ұлы жиындардың заманауи үлгісі деді. 

    Осыған орай, ауданымызда «Ашық әкімдік» жобасы аясында маңызды шараларды қолға алдық. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей тапсырмасына сәйкес,  «Халықтық Әкімдік» жобасы аясында барлық атқарушы органдардың тұрғындармен кері байланыс орнатуын бақылап, сараптап отырмыз. Қазіргі таңда ауданымызда «Aikey» жүйесі енгізілуде. Бұл жүйенің тиімділігі — әр азамат өз арыз-шағымының қаралу сатысын бақылай алады. Сонымен қатар, тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдау барлық әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асырылуда. 

    Осы ретте ауданымыздың мәселелерін көтеріп жүрген белсенді азаматтарға ерекше алғысымды жеткізім келеді. Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген.  Біз нақты нәтижеге жету үшін  бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.

    Аудан экономикасын, салаларды дамыту бойынша, сондай-ақ ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне қатысты ұсыныс- пікірлеріңіз назарға алынып, олар бойынша алдағы уақытта тиісті  жұмыстар жүргізетін боламыз.

    Биылғы маңызды дата — Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қадам бастық. 30 жылда атқарылған жұмыс орасан, әйтсе де, заман бір орнында тұрмайды. Ғылым мен техника дамыған әлемде жетістікке тек еңбекқорлығымызбен, ынтымағымызбен жетеміз. 

    Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Ордабасы тауында өткен ұлы жиында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қасиетті өлкемізді ел жүрегі, жер кіндігіне теңеді. 

    Қадірменді жерлестер, баршаңызды берекелі бірліктің бастауына айналған ауданымыздың бұдан кейін де өсіп-өркендеуіне адал еңбекпен, ақыл-парасатымызбен үлес қосуға шақырамын!

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *