Н.Ә. Назарбаев – халықаралық ауқымдағы саясаткер.

Spread the love

Аналитиктер бірауыздан, ол XX ғасырдың 90-жылдарында қарапайым мемлекет қайраткерінің шеңберінен шығып кеткенін атап айтты. Олар – ол, ұлттық саясаттың тар шеңберінде тұйықталып қалмас үшін шынайы стратег ретінде ауқымды кеңістіктік және уақыттық категориялармен ойлайды. Олардың пікірінше, Қазақстанның тұңғыш Президенті әуел баста жаһандық саясатқа ұмтылған және Қазақстанды әлемдік саясаттың жоғарғы эшелонына енгізу үшін барлық қажетті күшін салуда. Шынында да, Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бағытының негізгі принциптері Қазақстан тәуелсіздігі таңының жаңа ата бастаған кезінде, жас мемлекет сыртқы саясат саласында күрделі мәселелермен бетпе-бет кездесіп, бірақ осыған орай шетелдерде бір де бір дипломатиялық өкілеттілігі, сыртқы саяси мәселелер бойынша қарапайым атқарылған жұмысы жоқ және біліктілігі бар дипломатиялық кадрлар тапшылығын өткерген кезде тұжырымдалған. ҚР тұңғыш президенті– экологиялық, энергетикалық, азық-түлік және т.б. ең маңызды жаһандық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосты. Сонымен, БҰҰ Бас ассамблеясының 62-сессиясы барысында ол БҰҰ шеңберінде, экологиялық апаттармен күресу механизмін жасап шығару процесін тездетуге арналған әлемдік энергетикалық мәселелер Тізімдігін жасауды тағы да бір рет ұсынды. Сонымен қатар, Н. Назарбаев БҰҰ шеңберінде Жаһандық энергиялық экологиялық стратегияны құрастыруды және оны 2012 жылғы тұрақтылықты дамыту жөніндегі Бүкіл әлемдік саммитте талқылауды ұсынды. Қазақстан жаһандық энергетикалық баланс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жауапкершілігін мойындайды. Жеке алғанда, тұтынушыларға энергия тасымалдаушыларды жеткізуді одан әрі диверсиялау, сондай-ақ энергиялық ресурстарды өндірушілер үшін кепілдік беру мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев энергия жеткізу тұрақтылығының Еуропалық пактісін қабылдауды ұсынды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *