МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНДЕ «ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Spread the love

Ағымдағы жылдың 16-31 тамыз аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Астана мемлекеттік хабының бірлесіп ұйымдастыруымен тұңғыш рет онлайн форматта өткізілген «Мемлекеттік басқару жазғы мектебі» жобасына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Нұржахан Абуова арнайы қатысып, дәріс оқыды.
Республика аумағын қамтыған бейне-дәріске Қазақстанның 30-дан аса жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамы, магистранттар, докторанттар және университеттерде қызмет атқаратын түрлі лауазымдағы тұлғалар, Өзбекстан, Ресей және Финляндия елдерінен оқытушылар, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік басқару саласында тәжірибе және білім алмасу үшін кәсіби алаң құруды көздейтін шарада
сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тетіктерді іске асыру, мемлекеттік басқару,
цифрландыру және электронды үкіметтегі серпінді технологиялар, мемлекеттік қызметтегі мотивация және меритократия,
гендерлік теңдік, ақылды қала тұжырымдамасы, БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын іске асыру және енгізу, COVID-19 кезеңінен кейінгі дәуір тақырыптары кең қамтылды.

Жазғы мектептің соңғы күні дәріс оқыған Нұржахан Абуова шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстырып, қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін ынталандыру жүйесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, 2020 жылы «Transparency International» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижелері бойынша толымды ақпаратпен ой бөлісті.

Бейне-дәріс соңында қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.

MediaON ақпарат орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *