«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Spread the love

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде.

📌 Аталған акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларын қолдап, нақты көмек көрсету.

📍 “Низамхан” орта мектебінде өткен шараға Шымкен қаласы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы, Шымкент қаласы, Сайрам ауданының құрметті азаматы, «Низамхан» мектебінің құрылтайшысы Низамхан Сулайманұлы мен мектеп директоры Корбан Юлия Сергеевна қатысты.

✅ Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлының демеушілігімен 236 балаға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.

✔️“Nur Otan” партиясы — игі істер бастауы!

Фото Станислав Отт

Өтетін күні, уақыты: 27 тамыз, 09:00

Өтетін орны: Аль-Фарабии ауданы, Жансүгірова көшесі 10, «Низамхан» орта мектебі

MediaON ақпарат орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *