Шымкент қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Темірғали Көпбаевтың кітаптарының таныстырылымы болды. Тағылымды шараны кітапхананың директоры Күлия Смайылханқызы жүргізіп, қаламгердің жақында жарық көрген «Даналық тәпсірлері», «Жылдар жылжып барады», «Аққұмда оянған Арман» кітаптарының тұсаукесеріне үш кітапты қазақ әдебиетіне қосылған үлес деп құттықтап, ақынға шығармашылық талпыныс тіледі.
Ғалым Абайтанушы, қоғам қайраткері Мекемтас Мырзахметов жаңа кітаптарды оқып шыққанын және ақынны

ң елдің тарихи жадында шынайы жырлағанын атап өтті. Ақын Нармахан Бегалыұлы Темірғали өлеңдеріндегі көркемді
кке арнайы тоқталса, ғалым Бегман Ысқақ ақ
ын жырларындағы рух жайында толғанып, ойымен бөлісті. Жазушы Иса Омар кітап келешекте өз бағасын алатынына сенім білдіріп, елбасының Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласында бұданда көп атқарылатын жұмыстардың болатынына сенімі мол екендігін жеткізді.
Жиында кітапханашылар, ақынның «Даналық тәпсірлері» кітабынан үзінді оқыды.
Медиаон ақпарат
