Мақтааралдағы аулаларды жаңбыр суынан тазарту жұмыстары күндіз-түні жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Алматы қаласының 15 жерін су басу фактісі тіркелді — ТЖД Нөсер жаңбыр мен қар: Оңтүстікте ауа райы құбылып тұр Түркістан облысында толассыз жауған жауын салдарымен күрес жалғасып жатыр Жетісай мен Мақтаралда соңғы 30 жылда мұндай көлемде жауын жаумаған — ТЖД Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында толассыз жауған жауын-шашынның салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Әкімдік, төтенше жағдай депертаменті, жалпы тұрғындар мен ерікті жастар күш жұмылдырып, елді мекендерді су тасқыны салдарын жою және алдын алу бағытында еңбектеніп жатыр. Ауданның Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ауданның еріктілері де су тарту жұмыстарына тынбай қолғабыс жасауда. Олар мотопомпаларды тасу, оның жұмысын ұйымдастыру, арық-атыздарды тазалау сынды кезек күттірмейтін жұмыстарды белсенділікпен атқаруда. Мақтаарал аграрлық колледжінің «Азамат» еріктілер тобы бастаған қайырымдылық эстафетасы кенттер мен округтерде толықтай қолдау туып, жастар тарапынан 300-ге жуық ерікті қолдарына күрек алды. Еріктілер жасағы күндізгі және түнгі кезек бойынша жұмыстарды бөлісіп істеуде. Ал, қос ауданның депутаттары 10 миллион теңгеге жуық қаржы жинап, ұйымдастыру жұмыстарына қолдау көрсеткен. Сонымен бірге техникалар мен су соратын құрылғыларды, мотопомпалар сатып әперген және жалдап беру құндарын төлеуде. Жанар-жағармай алуға да тұрақты қолдау көрсетуде. Өз есебінен 3 тоннаға дейін жанар-жағармай ұсынған азамат та бар. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында толассыз жауған жаңбырға байланысты 110 дана тік дренажды ұңғымалар жұмыс істеп тұр. 16 дана тік дренажды ұңғыма аудандағы қазіргі ахуалға байланысты шұғыл жөндеуден өтіп, іске қосылған. Ал, жергілікті әкімдіктің хабарлайынша Мақтаарал ауданының Өзбекстан Республикасымен шекарасында орналасқан Орталық Мырзашөл коллекторында да судың деңгейі төмендегені байқалады.