Мәдени мұра бағдарламасы – 2003 жыл 16 наурыз

Spread the love

2003 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ең басты қазынасы – мәдени мұраларымызды түгендеу мақсатында арнайы бағдарлама құрды. «Руханият пен бiлiм беру салаларын дамытудың аса маңызды құрамдас бөлiгi ретiнде биыл бiрқатар ауқымды жобалардың басын қосатын “Мәдени мұра” арнаулы орта мерзiмдi бағдарламасын әзiрлеп, iске асыруға кiрiсудi ұсынамын» — деген еді Елбасы өз Жолдауында. Онда бағдарламаның мақсаты мен төрт тармақтан тұратын құрлымы да анық көрсетілген. «Біздің елімізде мысыр пирамидалары және Римдік Колизейлер жоқ, бірақ Қазақстан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің ролі Еуразия үшін ғана емес, сондай ақ әлемдік тарих үшін бағасыз». Біз дала өркениетінің ұлылылын әлемдік деңгейде көрсетуіміз керек – бұл «Мәдени мұра» бағдарламасының басты тапсырмаларының бірі» – деген еді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл араға 14 жыл салып нақты түрде қолға алынатын «рухани жаңғыру» бағдарламасының алғышарты еді. Бүгінгі таңда бастауын «Мәдени мұра» бағдарламасынан алған көптеген игі іс 2017 жылы жарияланған «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының желісімен жүзеге асып келеді. Бұл екі бағдарлама да дер кезінде қолға алынып, нақты тапсырмалары айқындалған дүние еді. Тіпті, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ елінің тізгінін ұстаған 30 жылында ел сүйіспеншілігіне ерекше бөленген сәті де осы екі бағдарламаны жариялаған тұсы деуге болар еді. Себебі қазақ халқы қашанда рухани құндылықты жоғары бағалаған халық.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *