КЕНТАУДА 73 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Spread the love

Кентау қаласында 72,9 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,3%-ға артты. Басым бөлігін өсімдік және мал шаруашылығы құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Сонымен қатар, 2021 жылы «Түркістан Агро XXI» ЖШС 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлауда.  Бүгінгі таңда Итальяндық «Rota Guido» компаниясының технологиясын енгізуге келісім жасалған. Сондай-ақ, «SPK-SAURAN» кәсіпорны 10 мың бас ірі қара бордақылау алаңын салу жоспарланып отыр. Жоба құны –7,5 млрд.теңгені құрайды. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инфестициялар көлемі 190%-ға артығымен орындалып, 285 млн.теңгеге жеткен.

Ірі қара мал басы 100 мыңнан асып, уақ мал 500 мыңға жетті. Жылқы саны 18 мыңға жуықтап, түйе 3 мың басты құрады. Жыл қорытындысы бойынша құс басы 14%-ға артып, 200 мыңға жеткен. 17 мың тонна ет, 65 мың тонна сүт, 100 мыңға жуық дана жұмыртқа өндірілді.

Кентау қаласында 460 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Қала бойынша 17 гектардан астам алқапта жылыжай іске қосылды. 90 мал бордақылау алаңдары ашылды. Кентаудағы 5 мың гектарға жуық алқапқа күздік бидай егілді. Бүгінде Кентау қаласында 127 бірлік техникалар жаңаланып, тапсырма 100 пайызға орындалған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *