КЕНТАУДАҒЫ ЦЕХ АЙЫНА 500 ДАНА ЖИҺАЗ ДАЙЫНДАЙДЫ

Spread the love

Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында өңірге «DIVALUX» атауымен танымал жиһаз жасаушы мекеме орналасқан. Қазіргі таңда онда 120 адам жұмыс істейді. Цехта жиһаздың 40-қа жуық түрі дайындалады. Түрлі сәнді үлгіде жасалынған жиһаздарға Қазақстанның барлық аймағынан тапсырыстар түседі.

Өндіріс орны қажетті шикізатты Түркия елінен алдыртады. Ал, мамандарды өздері оқытып, дайындап барып жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Цехта айына 500-ге жуық жиһаз құрастырылып, сатылымға шығарылады.

Алдағы уақытта сапасы жоғары, бағасы қолжетімді жиһаздың көлемі артпақ. Себебі серіктестік қазіргі таңда Жүйнек ауылынан 500 адамды жұмыспен қамтитын үлкен цехтың құрылысын жүргізуде. Оның құрылысы толықтай 2021 жылы іске қосылмақ.

Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 143 мыңға жуықтады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада екінші орында тұр. Кәсіпкерлік нысандарда 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар 224,1 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,9 %-ға артық өсімді құраған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысы бүгінгі таңда өзге өңірлер арасында көшбасшы. 451 потенциалды жоба қаржы институттарымен қаржыландырылды. Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасының мәліметінше, антикризистік шара ретінде кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының қол жетімділігін арттыру мақсатында бағдарлама бюджеті 35%-ға ұлғайып отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *