Келес ауданының тұрғындары көгалдандыру жұмыстарына атсалысуда. Келестіктер аудан орталығы Абай ауылында «Гүлдене бер, туған ел!» атты акциясын бастады. Мұнда бір күнде бір мыңға жуық көшеттер егілді. Оған қоса, ауыл әкімдігі санитарлық тазалықты сақтауда тұрақты түрде сенбіліктер өткізуде. Табиғаты тамаша Келес ауданын да жасыл желектің көбеюі, қуантарлық жағдай. Акция барысында аудан көлемінде атқарылатын жұмыстар өте көп. Жасыл белдеу қалыптастырылған.

Әкімдіктің жоспарын ауыл билері де қолдады. Ақсақалдар әр отбасы 1-сәуірге дейін 10 түп көшет отырғызуды жеткізуде. Қариялар тазалыққа немқұрайлы қарайтын аулалардың суретін көпшілікке көрсетіп, мәселені шеш у жолдарын қарастыруға уағдыласылды.

Көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылған тұрғындар үй іргелерін тазалап, ағаштар отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Шара барысында жергілікті халық ауыл іргесіндегі мазараттың айналасына шырш а ағашын отырғызды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.