Айтуға оңай, әрине. Бірақ, Кеңес дәуірінен тәуелсіздікке қадам басқан мемлекеттердің ішінде Қазақстанның озық тұруы, әлемде өзіндік орнын тауып, берекелі бірлікпен саясаттағы көптеген жетістіктердің басқаларға үлгі болуы – елдің мәртебесін арттырып, мақтанышына айналды.
Мұның бәрі Тұңғыш Президентіміз елім-жерім деген Елперзенттік жүрегімен, күн-түн демей жұмыс істеген Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі.
Нұрсұлтан Әбішұлы әу бастан экономикалық реформаларды саясаттан бұрын қойды. Соның нәтижесінде қазір біз экономикасы қарқынды дамушы, халқының әл-ауқаты жасқарған мемлекеттердің қатарына қосылдық.
Күні кеше Елбасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Әрине баршамызда қимастық бар. Дегенмен, ел халқы Елбасын Білге қағандай сыйлап, бағалайды.
Еліміздің ең биік «Халық қаhарманы» наградасының Елбасымызға берілуі оның Қазақ халқы үшін сіңірген еңбегінің айқын көрінісі деп білеміз. Бұл баға тарихтың берер бағасы болатындығына еш күмән келтірмеймін. Сонымен қатар, еліміз ендігі даму жолы осы күнге дейін жемісін көрсеткен бағыттан айнымай елдің жағдайын жақсартуға бағытталады деп білемін.
Малика Абдалиева
“МедиаON” республикалық ақпараттық құқықтық
сараптамалық агенттігінің директоры-бас редакторы
