«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның ауылдық жердің тұрғындарына өз ісін дөңгелету үшін ұсынып отырған мүмкіндіктері мол. Аймақтарда аталған Қордың көмегімен кәсіп ашқандар туралы материалымыздан оқи аласыздар. Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі. Үштерек ауылының тұрғыны Мұратбек Хастана бұрыннан мал шаруашылығы саласында қызмет етеді. Биыол ол мүмкіндігін мемлекеттiк бағдарлама арқылы кеңейте түсті. Төрт түлікті қатар ұстауды мақсат тұтқан кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» филиалынан «Игілік» бағдарламасы арқылы 3 млн теңге несие рәсімдеп, 9 бас жылқы сатып алды. Қорасынан төрт түлігін түгел өргізуге қол жеткізген кәсіпкердің алға қойған жоспарлары үлкен, мақсаттары айқын. Сондай-ақ, Сәуле ауылындағы «Егiншi» шаруа қожалығы «К-701» тракторын сатып алу үшін «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорының» филиалынан «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 6 млн теңге несие рәсімдеген. Шаруашылық төрағасы Берікбай Қабденов қазіргі уақытта өз қажеттілігі үшін ғана емес ауыл мен ауданның қарын тазалап, басқа да жұмыстарға белсене атсалысып жүр. Ал, Кеңтүбек ауылында тұратын Бақытгүл Көшерқызы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Түркістан облысындағы филиалынан «Игiлік» бағдарламасы арқылы 1 млн теңге несие рәсімдеп, 36 бас қой сатып алды. «Мемлекет берген шағын несиені тімді пайдалану арқылы ұсақ малдың басын көбейтуді көздеп отырмын. Отбасымыз бұрыннан мал шаруашылығымен айналысады. Сондықтан, мал өсіру ісінде тәжірибе жеткілікті. Ауылда тұрған соң мемлекеттің қолдауын барынша пайдаланған дұрыс деп есептейтін. Алға қойған жоспарларымыз ауқымды», — деді Б.Көшерқызы. Ұзынбұлақ ауылындағы «Кемел» шаруа қожалығында ірі қара да, ұсақ мал да бар. Шаруашылық басшысы Сейiтжан Масаиновқа қожалықтың жұмысын одан әрi кеңейту үшін мал азығын дайындайтын техника қажет болған. Ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» филиалынан «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 6 млн теңге несие рәсімдеп, «МТЗ» тракторын сатып алды.
Медиаон ақпарат