Елбасы Н.Назарбаевтың «Алаштың» басты мақсаты – қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді.

Spread the love

Бұл біздің жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді… Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көте­руді табыстап кетті… Алаштың асыл амана­ты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қа­рапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақы­рады» деген сөзі Алаш арыстары атқарып кеткен еңбектің мән-мазмұнын айқын көрсетіп отыр. Халқын, өз ұлтын жан-тәнімен сүйген, елді еркіндікке жеткізем деп арпалысқан Алаш көсем­дерінің саналы ғұмыры бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтың ержүрек батырлары жауынгер бабаларымыздың даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар мінезді, рухы биік батыр халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын – байрақ, намысын найза еткен Нүркен, Талғат, Бауыржан сынды батырлар қазақ елінің қаһармандығын аңызға айнал­дырды. Қазақ оғландары Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Бабалардың бостандық аң­сап атқа қонған ұлы ерлігін Алматыда Алаштың өр мінезді ұл-қыздары Желтоқсан көтері­лісінде жаңғыртып, жаңа са­ты­ға көтерді. Желтоқсан көте­рі­лісі кеңестік империяның ша­ңырағын шайқалтып, керегесін күйретті. Ғылымда «Дәстүрлер са­бақ­тастығы» деген ұғым қа­лыптасқан. Сексен алтыншы жылғы көтеріліс кезінде көк түрктің қара шаңырағы бол­ған қазақ жерінде Алаш жас­тарының бойынан буырқанып шыққан бұла күш, бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс ең алдымен, ер жігіттің бойына ананың ақ сүтімен таралған ерлік дәстүрінің арқасында жүзе­ге асты. Жүсіп Баласағұн бабамыздың: «Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла. Өз пайдаң соның ішінде», деген сөзін басшылыққа алған Алаш жастары кеңестік санаға төңкеріс жасады.

Медиаон ақпарат