Басты бет > Қоғам > Елбасымыз Қазақстан халқын ораза айт мерекесімен құттықтады!

Елбасымыз Қазақстан халқын ораза айт мерекесімен құттықтады!

“Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар – бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі”, – делінген құттықтау сөзінде.  Сонымен қатар құттықтауда Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалатыны айтылған. Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл – еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі екені жазылған. “Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын! Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Ораза айт қабыл болсын!”, – делінген жарияланған құттықтау сөзінде.

МЕДИАОН ақпарат