Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.
Тәуелсіздікке қол жеткізу де, оны ұстап тұру да оңай емес. Бұған үлкен қажыр-қайрат, сонымен қатар, кемел ақыл-парасат та қажет. Осыған ұйытқы болар тұлға қажет. Тәуелсіздікке тірек болар негізгі тұғырларды түгендей алатын нағыз ұлтжанды азамат қажет. Мемлекет тұтастығына, ел бірлігіне ұйытқы болар елім деп еңіреген ер қажет. Міне, тәуелсіздік тұғырларын бекітуге ұмтылған, елге халқын өрге сүйрей алатын басшы керек болды. Тәжірибесі кемшін, даму жолының өнегесі болмаған жерде тәуелсіз мемлекет орнатуды қолға алу тоқсаныншы жылдардың биігінен қарағанда көзсіз ерлік болатын. Қалың елдің ішінен суырылып шығып, жауапкершілікті мойнына алған, өз тағдырын елінің тағдырына, келешегіне арнаған, халықтың үзілуге шақ қалған үмітін жалғаған ардақты азамат – халқының біртуар перзенті Н. Назарбаев болды. Ел мен жер үшін шешуші сәт туғанда Елбасы даналығымен, батылдығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білді. Халықтың басын қосып, халық мүддесі жолында, табандылығын да, тапқырлығын да таныта білген Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін іргелі елге айналдырды. Отыз жылдық мерзім ішінде елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды. Жаңа мемлекеттік жүйе қалыптасты. Қуатты қарулы күштер пайда болды. Ұлы державалармен шекарамыз бекітілді. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.
Медиаон ақпарат
