Гүлдене бер Республикам менің

Spread the love

«Менің елім-Қазақстан» Қазақстанға әлемнің басқа елдері қызыға да, қызғана қарайды. Олар біздің көнбіс те еңбекқор халқымыз бүкіл Европаның қоректендіре алатын дүние жүзіндегі ең тамаша бидайды өсіре білетіндігі үшін сыйлайды. Енді біреулері біздің жеріміздің кеңдігіне, өзен-көлдеріміз бен байтақ далаларымызға қызығады. Ал биылғы жұртшылықтың көбі дала данышпандығы мен көрегендігінің үлгісі сынды өзін жақсы басшы ретінде көрсете білген Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай президентіміздің барлығына қызығады.

Қазақстанның егемендігі туралы декларация. 1991жылдың желтоқсанында екі тарихи оқиға болып өтті. Біріншіден, аса қуатты мызғымас держава болып есептелетін КСРО мемлекеті бірақ сәтте таратылды. Екіншіден, одақтың бір мемлекеттің орнына 15 дербес республика пайда болды. Ескі мемлекеттік құрылыс бұзылып, жаңа типті мемлекет пен жаңа құқықтық жүйе қалыптаса бастады. Ал, 1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР-ның конститутциялық Заңы жарияланды. Бұл-еліміздің ешкімге тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүниежүзіне әйгілеген аса қасиетті құжат. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *