ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Spread the love

Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Фракция мәжілісін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы ашып, жүргізді.
Фракция отырысына партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева, төрағаның орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, фракцияға мүше депутаттар және бауапты басқарма басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысы талқыланды.
Аталған Жол картасында 149 іс-шара орындау бекітілген. Бекітілген Жол картасы бойынша 149 іс-шараның 9-ның орындалмау қаупі бар. Осыған орай ол іс шараларға жауапты сала басшылары баяндама жасады.
Атап айтқанда, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов Жол картасының 119-тармағының орындалу барысы туралы баяндама жасаса, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева 15-тармақ, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дуйсебеков 68-тармақ, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков 84-тармақ, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бахытжан Позилов 31-тармақ бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар отырыс барысында Жол картасының 102, 104 тармақтарының орындалуына жауапты қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясовтың баяндамасы тыңдалды. Аталған тармақтарда орталық көшелер бойына, қоғамдық орындарға егілетін сәндік гүлдер, декоративті ағаш көшеттерін дайындайтын 200 гектар тұқымбақ ашу қарастырылған. Бірақ қазіргі таңда тұқымбақ болатын жердің гидрогеологиялық жағдайы зерттелмеген. Егер белгіленген аумақтың гидрогеологиялық жағдайы қолайлы, тиімді болмаған жағдайда шығын көлемі артып, жұмысшыларға қолайсыз жағдай туғызатыны анық.
Мәжілісте ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Абунасыр Шарифуллаұлының Жол картасының 70-тармағы бойынша 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құру және 71-тармағы бойынша 89 гектар аумаққа жыл сайын 15-20 га жылыжай салудың орындалу барысы туралы баяндамасы талқыланды. Бүгінде жоспарланған жобалар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның кредиттік комитетінің оң шешімін алған. Бірақ, іске асатын жобаларға алдын-ала субсидияны аванстық төлеу заңсыз екені туралы Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынысы негізінде республикалық бюджетке 992,8 млн теңгені қысқарту ұсынылған.
Мәжіліс соңында Жол картасының 70, 71, 102, 104 тармақтарының орындалуы бойынша Саяси кеңес Бюросының күн тәртібіне қарау туралы ұсыныс енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *