Тәуелсіздіктің отыз жылдығы қарсаңында артқа көз тастасақ, көптеген жетістіктерге жеткенімізді байқаймыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бейнелі сөзбен келтірсек, тәуелсіздік – киелі ұғым. Оны өмірдің соншалықты қымбат екенін түсінбеген, жығылып қайта тұрмаған, өкпесі тарылып жазира даласының жұпар ауасын аңсамаған, самал желге сағынышпен бетін тоспаған қазақ қана терең түсініп, қымбат бағалай алмайды. Олай болса, тәуелсіздігіміздің мерекесі қарсаңында атқарылар игі істер жас ұрпаққа төл тарихымызды таныта отырып тәрбиелеу болмақ», деп нақты айтқан болатын. Осыған орай, Ассамблеяның маңызды бағыттарының бірі, азаматтардың отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға үлес қосатын негізгі фактордың бірі – мемлекеттік тіл болып табылады. Қазақстанда тұрып жатқан этностардың арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі бүгінде еш күмән келтірмес негізгі қағида ретінде мойындалған. Қазіргі таңда, мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос жастарының саны артып, қазақ тілді мектепке баласын оқытуға ниеттенген ата-аналар көбейіп отыр. Өзбек, ұйғыр, тәжік мектептерінің оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін қазақ мектебінің бағдарламасымен оқып жатыр. Тәуелсіздіктің отыз жылдығы қарсаңында артқа көз тастасақ, көптеген жетістіктерге жеткенімізді байқаймыз. Алайда, ел азаматтарына, әсіресе жастарға айтар ой – біз ұлт ретінде оянып, интеллектуалдық серпіліс жасауымыз керек! Бұл – ұлттың алға қарыштап қадам басуының, серпіліп жаңа көкжиектерге ұмтылуының негізі мен кепілі. Тек қана жаһандық деңгейдегі ұлы міндеттер мен мақсаттарға ұмтылған ұлттар ғана жеңіске жетеді. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікке бет түзеу ұлт рухының ең маңызды міндетіне айналуы шарт.
Медиаон ақпарат
