Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі

Spread the love

Елбасы алғаш Ассамблеяны құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап, аталған ұйым Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің бел ортасынан көрінді. Маңызды мемлекеттік шешімдер мен Елбасы бастамаларына қолдау көрсетіп, мемлекеттік мүдденің жүзеге асуын қамтамасыз етті. Егемендікке ие болған алғашқы жылдардағы елдің басты құжатының бірі «Қазақстан-2030» стра­тегиялық жоспарынан бастап кешегі, халық арасында қызу талқыға түскен Қазақстанның Ел бірлігі Доктринасы сияқты қоғамды алға сүйреуші маңызды құжаттар да Ассамблея сессиясында бекітілді. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыз­дың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық орта­сында іргелі елге айналуы бірліктен, ынты­мақ­тан бастау алады. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің қоғамға қажеттілігін, ел дамуына ауқымды үлес қоса алатынын өз істерімен дәлелдеді. Елдіктің, бірегейлік пен тұтастық ұйымы екендігін танытты. Шетелдік белді де беделді мемлекеттер Қазақстан халқы Ассамблеясы идеясын адам баласының тарихын­дағы және әлемдік қауымдастық арасында адами тұрғыдан ең асқақ идея екендігін мойындады. Қазіргі таңда, Ассамблея «ұлт» ядросы, этнос­тық топтардың мәдени-рухани өзегі, елдік мүд­демізді қорғаудың, мемлекеттілігімізді нығайтудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қалыптасты. Қазақстан халқы Ассамблеясы жас ұрпақ бойын­дағы отансүйгіштік қасиеттерін дамыту, мемлекеттік тіл аясын кеңейту бағытында нақты іс-әрекеттер жасап, қоғам тұрақтылығын нығайтуға елеулі үлес қосып отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *