Еліміз үшін Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ!

Spread the love

Орталық Азияда ойып тұрып орын алатын елді құрау үшін мықты экономика, қарулы күш өте қажет болды. Барлығын басынан бастаған еліміз үшін тәуелсіздіктің отыз жылдығы оңай жолмен келмегені айдан анық. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды. Осыдан отыз  жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік—экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса бастады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *