Электрмен жабдықтауды жақсарту

Spread the love

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысының м.а. Е. Нурбековтың сұхбаты,  тел.(8 7252)32-44-15, e-mail: uko.kaenk@energo.gov.kz

    Сәлеметсіз бе Ержан Серікұлы!

    Біздің көптеген оқырмандарымыз электр энергетикалық желілеріне қосылуға қатысты сұрақтар қоюда. Аталған мәселе өте маңызды және керекті болғанына байланысты сізден сұрақтарымызға жауап беруіңізді сұраймыз.

    Ержан Серікұлы электр желісіне қалай қол жеткізуге болады. Егер бұзушылықтар анықталса, қандай жауапкершілік көзделген?

     Жауап:  Электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарт береді. Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шартты беру тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптар бұзылса және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, анық бермейтін болса, басшыларды әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің (Кодекс) 301-1 және 301-2– баптарымен жауапқа тарту көзделген. Мәселен, электр желілеріне қосуға арналған техникалық шартты беру тәртібі мен мерзімділігіне қойылатын талаптар бұзылса, кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады. Егер, электр желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және техникалық шартты беруден бас тартса, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады.                       

     Бұдан басқа, энергиямен жабдықтаушы ұйым энергиямен жабдықтаудың жеке шартын тұтынушымен жасасудан бас тартатын болса, Кодекстің 172–бабы 6-тармағымен жаупкершілікке тарту көзделгенін атап өту қажет.

    Қағидалардың 12-тармағына сәйкес энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр энергиясына қосу үшін техникалық шартты мынадай жағдайда береді: энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда; тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шартта белгіленген қуаттан артқанда; электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде; тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

    Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыларды қандай мерзімде электр қуатына қосатыны туралы ақпарат берінізші?

     Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр қондырғыларын тұрақты түрде пайдалану үшін тұтынушылар анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін өзінің электр желілеріне қосады.

    Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезінде электр кернеуін өндіруді келесі мерзімде жүзеге асырады:

    — энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым сыртқы косу мен коммерциялық есеп жүйесін тексерістен өткізгеннен кейін, пайдалануға беру мүмкіндігі туралы қорытындыны ескере отырып, электр қондырғыларын косуға арналған материалдарды тұтынушылар ұсынған соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде электр қондырғыларын пайдалануға береді; 

    — энергия жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға электрмен жабдықтауға араналған шарт жасау туралы хабарламаны 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынады;

    — энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының электрмен жабдықтауға араналған шартқа қол қойғаннан кейін, электр қондырғыларына электр кернеуін 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.

    Тұтынушыға электр энергиясын қосу мен беру тек коммерциялық есеп жүйесі бар болса ғана жүзеге асатын болады.

Аталған мәселе бойынша сұрақтар туындаған кезде немесе құқық бұзушылықтар фактісі анықталса қайда жүгінуге болады?     

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес, энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актілері талаптарының сақталуын жүзеге асырады. Осыған байланысты, егер құқық бұзушылықтар фактісі анықталса, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментіне мына мекен-жай бойынша: Шымкент қаласы, Диваева көшесі, 148, тел. 8(7252) 32-44-15 жүгінуді ұсынамыз.

   

Сұхбат бергеніңзге рахмет.   

«МедиаON» ақпарат орталығы

     

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *