Елбасының таңдауы дұрыс болған

Spread the love

Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біздің мемлекетіміз, басқа да республикалар сияқты, өзінің мемлекеттілігін асқақтатуды, нарықтық экономикаға көшуді, демократиялық қоғам құруды және ұлттық сана-сезімді нығайтуды өзіне мақсат етті. Біздің республикамыздың басшылығының алдында дамудың басым бағыттарын таңдай отырып, реформалар ерітн дұрыс таңдау сияқты қиын мәселе тұрды. Осындай қиын саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар орын алғанда, біздің жас мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мойнына өрлеу мен дамудың дұрыс әрі жеңіліссіз жолын таңдау, мемлекеттілікті сақтап қалу мен нығайту, оның заманауи және болашақ сын-қатерлерге қарсы тұра алу іс-әрекетіне қабілеттілігін арттыру, әлемдік қауымдастықта бәсекеге қабілетті бола алуды қамтамасыз ету артылды. Біздің жаңа мемлекет құрыла бастағанда, оның болашағына қатысты пікірлер әр түрлі болды. Шетел аналитиктерінің бірі реформалар мен өзгерістердің кореялық жолын ұсынса, бірі түріктердің жолымен жүруді болжады, алайда оның бәрі Қазақстанның ерекшеліктерін білген жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген мемлекеттерді зердесінен өткізіп, олардың ең үздік тәжірибесін үлгі етіп, Қазақстанның даму жолын жариялады. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев экономикалық даму мәселесін саяси өзгерістерден бұрын қойып, экономиканы бірте-бірте өзгерту жолын таңдады. Өмірдің өзі көрсеткендей, Елбасының таңдауы дұрыс болған екен. Н.Ә. Назарбаевтың «алдымен – экономика, сосын – саясат» деп ұсынған формуласы Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі сәтті реформалар әдістемесінің классикалық көрінісіне айналды. Біздің еліміздің жетістікке жетуінің арқасында, «қазақстандық даму моделі» деген ұғым кең тарады, бұл терең ойластырылған әрі жан-жақты сараланған негізде, нақты бағыт бойынша алға қарай қозғалу дегенді білдіреді. Тарихи өлшемдер бойынша өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан дербес, саяси және экономикалық тәуелсіз мемлекет ретінде бой көтерді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *