Және оның астанасы Астана қаласы, ұлттық бірлестік, бейбітшілік пен ынтымақтастық, зиялы қоғам мен жоғары руханилылық, инновация мен индустриализация негізінде экономикалық даму, тарихи тұтастық, мәдениет пен тіл тұтастығы, ұлттық қауіпсіздік пен біздің елдің аймақтық және жалпы әлемдік мәселелерді шешуге жаһанды қатысуын ерекшелеп өтті. Дәл осы мемлекет түзуші, жалпы ұлттық құндылықтар Жаңа Қазақстандық патриотизмнің бірегейлі негізі болып саналады. Сөз соңында, Елбасы, барлық ұлы мақсаттар ел игілігі үшін қойылады деді және барлық қазақстандық қоғамдарды, оның ішінде ел жастарын өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамауға, Стратегия-2050 басты мақсатына жету бойынша атқарылатын жұмыстарға белсенді қатысуға шақырды. Қазақстанда, елдің көп түрлі этностық мәдениетін қоғамдық дамудың позитивті факторына айналдыруға барлық алғышарттары бар, себебі барлық қлт өкілдері өздерін Қазақстан халқының – жаңа мәдени қоғамының бастамасы екендіктерін сезінеді. Тәуелсіз Қазақстанда бүгінгі таңда этносаяси, этномәдени процестер өзекті болып келеді. Олар жанжақты саяси талдауды қажет етеді. Қазақстан – әлеуметтік дифференцияланған саяси этникалық одақ, бұл жерде субъектілер үшін түрлі қызығушылықтар мен түрлі мәдени деңгейліктері мен саяси белсенділігі сипатталады. Саяси және мемлекеттік құрылғының Қазақстандық моделі демократиялық дамудың жалпы қабылданған заңдылықтарымен үйлеседі.

Медиаон ақпарат

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *