Қазақстан халқының сонау алмағайып, аласапыран заманда 1991 жылдың 1 желтоқсанында Н.Ə.Назарбаевты Қазақстанның Президенті етіп сайлауы, халқымыздың үлкен парасаттылығының, Елбасыға деген үлкен сенімінің белгісі еді. Осы тарихи зор оқиға əрбір қазақ деп лүпілдеген жандардың жүрегінде, отандастарымыздың санасында салтанатты күн болып қалды. Жақсы күн жарқын жалғасын тапты. Елім деп еңіреген, халық қалауы, қазағымен жүрегі бірге соққан, нар тұлғалы Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тəуелсіздік жылдарында республикамызда көптеген жаңа бастамалар мен жаңа істер атқарылды. Еліміз тəуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер мен жаңарулар, халықтың əлауқатын жақсартуда жүргізілген реформалар мен жолдаулардың жүзеге асуы еліміздің жаңа белеске бет бұруына ықпал етті. Қазақстанның қоғамдық-саяси жəне əлеуметтікэкономикалық өмірінде ұлы өзгерістер легі жыл сайын арта түсуде. Еліміз сан ғасырға татитын ұлы белестерден өтті. Бүгінде Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-орында тұр. Осы ұлан-ғайыр қазақ даласын Отан еткен 140-ға жуық халықтар достық пен татулықты Ту етіп, еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге қол жеткіздік.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.