Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.

Spread the love

Тәуелсіздікке қол жеткізу де, оны ұстап тұру да оңай емес. Бұған үлкен қажыр-қайрат, сонымен қатар, кемел ақыл-парасат та қажет. Осыған ұйыт­қы болар тұлға қажет. Тәуелсіздікке тірек болар негізгі тұғырларды түгендей алатын нағыз ұлтжанды азамат қажет. Мемлекет тұтастығына, ел бірлігіне ұйытқы болар елім деп еңі­ре­ген ер қажет. Міне, тәуел­сіздік тұғырларын бекітуге ұмтылған, елге халқын өрге сүйрей алатын басшы керек болды. Тәжірибесі кемшін, даму жо­лының өнегесі болмаған жерде тәуелсіз мемлекет ор­на­туды қолға алу тоқсаныншы жыл­дардың биігінен қараған­да көзсіз ерлік болатын. Қалың елдің ішінен суырылып шы­ғып, жауапкершілікті мойнына алған, өз тағдырын елінің тағ­дырына, келешегіне арнаған, халықтың үзілуге шақ қалған үмітін жалғаған ардақты азамат – халқының біртуар перзенті Н. Назарбаев болды. Ел мен жер үшін шешуші сәт туғанда Елбасы даналы­ғымен, батылдығымен, пара­са­ттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білді. Халықтың басын қосып, ха­лық мүддесі жолында, табандылығын да, тап­қырлығын да таныта білген Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін іргелі елге айналдырды. Отыз жылдық мерзім ішінде елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды. Жаңа мемлекеттік жүйе қалыптасты. Қуатты қарулы күштер пайда болды. Ұлы державалармен шекарамыз бекітілді. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *