Елбасы әрдайым жастарға қолдау танытқан.

Spread the love

Жиырма бірінші ғасырдың басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезекті ХІІІ съезінде осы сөзді қайталап, жастарға арнайы қайырылып үн қатуы сол кездегі жастардың отаншылдық рухын үлкен белестерге көтерді десек артық айтқандық емес. Əрине, Елбасының жастарға сөз арнауы бұл бірінші рет емес. Елбасының қай кездегі болмасын Жолдауын алсақ та жастарға, білімге ерекше назар аударатынын көзі қырағы оқырманға аңғару қиын емес. Аңсай күткен тəуелсіздіктің көк туына қол жеткізген соң əрбір ойлы азаматтың көкейінде: «Егемендігімізді қайтсек баянды етеміз? Оның келешек тағдырын кімдерге тапсырамыз, оларды өркениетке сай қалайша жəне қандай бағытпен тəрбиелейміз?» – деген мемлекеттік мəні бар мəселелер туындады. Осы кездің өзінде-ақ Елбасы білім жəне ғылым қызметкерлерімен кездесуінде: «Қазақстандық жастарды олардың бойындағы отаншылдық сезімін тəрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарды, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тəрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды да жауапты қадірменді парызы» – деп нақтылап берді. Жаңа ХХІ ғасыр бүкіл қазақ халқының алдындағы ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған істəжірибелерімізге, бай мұраларымызға талдау жасалынып, жіктеліп, ойларымыз қорытылып, нəтижесінде жаңа жаһандану заманына сай белгілі бір жүйеге келу – өмір талабы. «Адам саналы ұрпағымен мың жасайды», «Не ексең, соны орасың» – дейді қазақ мəтелі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *