ЕҚЫҰ-ға төрағалық және Саммит – 2010 жыл 1-2 қазан

Spread the love

Бұл Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінен кейін Қазақ даласына төрткүл дүниенің назары ауған алғашқы әлемдік жиын еді. Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық ету посткеңестік елдер арасында алғашқы болып Қазақстанның тәлейіне бұйырды. Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. «Мен Президент Назарбаевты ЕҚЫҰ төрағалығының табысты өткізілуімен құттықтадым. Бұл Қазақстанның әлемдік ауқымдағы беделін арттырды, оның позияцияларын нығайтты. Және Испанияның Қазақстанды Ұйым жұмысында әу бастан-ақ қолдағанын айтқым келеді. Астана ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге бастама көтергенде де дәл солай болды. Есесіне Қазақстан сенім үдесінен шыға білді. Тамаша Саммит ұйымдастырды» — деді саммитке келген Испания Үкіметі төрағасының орынбасары Мануэль Чавес Гонсалес. Ал саммит жайлы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті – Қазақстанның жұлдызды шағы болды» деген баға берді. «11 жылдың ішінде осынау беделді халықаралық ұйымның жоғары деңгейдегі басқосуын өткізу ешбір елдің қолынан келмеді. Қазақстан ғана бұл мақсатты іске асырды. Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ның барлық елдерін біріктірген айтулы оқиға болды. Осыдан 19 жыл бұрын Қазақстанның бас қаласы – Астана әйгілі «Хельсинки рухының» лайықты ізбасары болатыны ешкімнің ойына келмеген еді. Бүгінгі күні бұл мақсатты біз жүзеге асырдық. Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету шеңберіндегі өз бағдарламамызды орындадық. Алғаш рет тұтастай Еуразияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ЕҚЫҰ-ның негізгі бағыттары айқындалды. Бұл – көптеген жылдарға дейін біздің еліміздің және оның әрбір азаматының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді деген сөз. Астана Саммиті – Қазақстанның жұлдызды шағы», — деді ол.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *