Қалыптасқан экономикалық жағдайда отандық тауар түрлеріне сұранысты ынталандыру маңызды. Аталған жағдай бойынша маңызды орынға мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік секторлар мен жер қойнауын пайдаланушылар бойынша сатып алулар аясында күнделікті және жиі сұранысқа түсетін тауарлар ие болады. Күнделікті сұранысқа ие тауарлардың (киім, аяқ киім, азы-түлік, жиһаз) жылдық мөлшері 1,9 трлн теңгені құрайды. Сонымен қатар, отандық тауар түрлеріне сұраныс орта есеппен 30%-дан аспай отыр. Ал мемлекеттік сатып алулардың, квазимемлекеттік секторлардағы сатып алулар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы көлемі шамамен алғанда 9,7 трлн теңге болса, отандық деңгейдің үлесі – 57 пайыз. Сол себепті, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша тиісті шараларды қолдану керек. Ол үшін жергілікті қамту үлесін мемлекеттік қолдаулар көрсету мен ұзақмерзімді келісімшарт жасау арқылы арттырған жөн. Осыған байланысты, Үкіметтік деңгейде ұзақмерзімді келісімшарттар жасау арқылы жергілікті қамту үлесін арттыру комиссиясын құру және өнеркәсіптің өңдеу секторы кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын қабылдау қажет. Отандық тауар түрлерін ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі мемлекеттік сатып алулар жүйесін орталықтандыру болып табылады. Мысалы, АҚШ-та АҚШ мемлекеттік тапсырыс беру кеңсесі (Келісімшарт кеңсесі) бар. Ол жерде барлық сатып алулар ұзақ мерзімді мемлекеттік келісімшарттар бойынша жүргізіледі. АҚШ Үкіметі тауар өндірушілермен бірге барлық процесті жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтерге арналған мемлекеттік келісімшарт, несие беру мақсатында, кепілдік құжат ретінде америкалық коммерциялық банктермен жүзеге асырылады. «NADLоC» жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агентігі» АҚ базасында, АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сенімді басқаруымен, мемлекеттік тапсырыс берудің орталықтандырылған кеңсесін құру ұсынылады. Мемлекеттік қолдаулардың кешенді шараларын алу және ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру үшін (мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар) кәсіпкерлерді іріктеу түсінікті және нақты талаптар негізінде жүргізілуі тиіс. Оларға индустриалды сертификат пен кәсіпорынның болашағы жоспарланған стратегиялардың болуы және 2-5 жылдың ішінде ЕАЭО, Қытай, Иран елдеріне экспортқа шығу үшін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу жатады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың бірі, бірыңғай біліктілік орталығында міндетті оқудан өту болады. Онда, беделді халықаралық компаниялар ауқымындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені қосқанда, жоғары және орта буын менеджерлері үшін барлық іс жүзіндегі оқу бағдарламаларын біріктіру жүргізілмек («Аға сеньорлар», басқа да бағдарламалар). Осылайша, ішкі сұраныс есебінен кәсіпкерлерді қолдау, экспортты дамыту бағдарламасымен байланыстырылмақ.
Медиаон ақпарат