«Бизнес жол картасы -2020» бағдарламасы – жұмыссыздарды бизнеске тартуға көмектесуде

Spread the love

«Атамекен Бизнес Академиясы» онлайн-оқыту жобасы жүзеге асырылу үстінде. Сондай-ақ, бизнес-жаттықтырушыларды дайындау үшін әдістемелік орталық құрылады. Ұзақтығы жөнінен оқытудың қысқа мерзімді мемлекеттік бағдарламасынан 6-10 есе асып түсетін «Bastau Бизнес» жобасының тиімділігін, жобаның икемділігі мен бейімділігін, бизнес-жоспарларды сүйемелдеу сәттері байқалатынын ескере келе, онымен Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін кең ауқымды қамту және «Бизнестік жол картасы-2020» бірыңғай бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау құралдарына қосу ұсынылып отыр. «Bastau Кәсіп» жобасын толыққанды жүзеге асыру және кеңейту мақсаттарында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде оны «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына ықпалдастыру ұсынылады. Бұл жерде тиісті орталық мемлекеттік органдардың (Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі) ресурстарын аталған жобаны барынша тиімді жүзеге асыру үшін пайдалану қажеттігі де аңғарылады. Осыған байланысты кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі аталған мәселелерді «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларына енгізу және бейімдеу бойынша тиісті жұмысты жүргізу ұсынылады. Барлық «Атамекен» ҰКП оқыту бағдарламалары шағын несиелеу жүйесімен байланыстырылатын болады. Оқыту қорытындысы бойынша бизнесті бастауға арнайы шағын-индустриалды аймақтар мүмкіндік жасай алады. Оның аясында бір сала бойынша (мысал үшін, барлық тігін кәсіпорындары) жасақталған шағын және орта бизнес кәсіпорындары енгізіледі. Бұл жобаның жалпы атауы – «Шеберлер қаласы». Шағын индустриалды аймақтарда 1-2 га көлеміндегі жерге 20-дан 60-қа дейінгі компаниялар орналастырылады. Шағын индустриалды аймақтар ауқымы, нақты елді мекендердегі тұтынушылар сұранысына және де инженерлік коммуникацияларға жақын жер телімдерінің қолжетімділігіне қарай (оны тарту құнын төмендету үшін) кең көлемде қарастырылатын болады. Шағын индустриалды аймақ құру үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі арқылы бос тұрған өнеркәсіптік ғимараттар мен жайларды қолданған абзал. Польша, Түркия сынды елдердің тәжірибесі қажетті базалық инфрақұрылымдары бар осындай бизнес-инкубаторлардың шағын өндірістік кәсіпорындар мен бизнесін енді бастаған өндірушілер үшін қолдаудың негізгі нысанына айналғанын көрсетіп отыр. Мұндай құралдар оларға бастапқы кезеңде қалыптасуға және өсуге көмектеседі. Мемлекеттік бағдарламалар аясында (Бизнестің жол картасы-2020, Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020) қаржыны еліміздің барлық өңірлерінде инженерлік коммуникацияларын тартқан райда, дайын жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен өнеркәсіптік бағыттағы құрылыстар түрінде шағын индустриалды аймақтар құруға бағыттау ұсынылып отыр. Ол жерде жалға алу шарттары бойынша шағын өндірістік кәсіпорындар орналастырылады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *