БИЫЛ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ 241 ШАҚЫРЫМҒА ЖЕТЕДІ

Spread the love

Келес ауданы бойынша елді мекендердегі ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 711,1 шақырымды құрайды және оның қанағаттанарлық автомобиль жолдары пайыздық көрсеткішпен 33,8% құрап тұр.

Өткен жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Абай ауылының ішкі көшелерінің жалпы 23 ішкі көшеге 27,49 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ал биылғы жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Абай ауылына және Ақтөбе ауылдық округінің Қызыласкер елді мекенінің ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы 16 ішкі көшеге 23,4 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланып, жүзеге асырылды.

Одан бөлек, аудандық және ауылдық округтерінің 4 деңгейлі бюджетінен 57,4 шақырым жол жөндеуден өткізілуде.

Ішкі көшелер бойынша жыл қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдары 41,7%, жалпы 241 шқ-ға жету жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *