Бірлік пен ынтымақ – тәуелсіздік тұтқасы

Spread the love

Елбасы саясатының алтын арқауы, басты өзегі – ел бірлігін сақтау. Билікті қолына алған сәттен бастап осыны саясатының туы етіп ұстап келеді. Бізге ең алдымен ынтымақ, бірлік, елдің тыныштығы керек еді. Кикілжіңге, қақтығыстарға жол бермеу басты мақсат болатын. Әлемде дау-жанжалдан босамай, түрлі шиеленіс-қақтығыстар ошағына айналып отырған елдер де аз емес. Билікке таласып, өзге тыс күштердің ықпалы мен ынтымағы кері кеткен елдер де жеткілікті. Ал Елбасының да күні-түні ойлайтыны – халықтың, елдің тыныштығы, жердің бүтіндігі. Елбасының тікелей бастамасымен, еліміздегі береке мен бірліктің мекені Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазіргі таңда тегі әртүрлі, мақсаттары ортақ мыңдаған Қазақстан азаматтары Ассамблея қанатының астында ел алдына қойылған ортақ мақсаттарды қызу іске асыруда. Тағдыр әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін қазақтың дарқан даласына қоныс тепкізді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кең пейілді қазақ халқының ыстық мейірімінің арқасында тағдыр тәлкегіне ұшыраған көптеген өзге ұлт өкілдері ұрпағын, қасиетті шаңырағын сақтап қалды. «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыз­дықта» деп бекерге айтылмаса керек. Бірлігі жарасқан елдің босағасына береке ұялайтыны бесенеден белгілі. Елбасы Қазақстан халқын «…жұмған жұдырықтай бірліктің арқасында ал­май­тын асу, жеңбейтін кедергі болмайтынына» сендіріп, еліміздегі сан түрлі этнос өкілдерін қоғамдық ұйысуға, жарасты ынтымаққа бастады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *