«БІЛІМ САПАСЫН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕ КӨТЕРУ» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Spread the love

Бүгін, Түркістан облысында жүргізілген экспериментке қатысушылардың мақалалар жинағы қамтылған «БІЛІМ САПАСЫН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕ КӨТЕРУ» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Онлайн сатысында өткен отырыста ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкерлері, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары, Шымкент қаласындағы НЗМ, Білім жетілдіру орталығы, аудандың әдістемелік кабинеттер мен көптеген мектептердің басшылары мен әдіскер-ұстаздар қатысты.

Осы орайда, Педагогикалық Ғылымдар Академиясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғалымдары Түркістан облысындағы ауылдық өңірлердегі білім ошағында оқитын өрендердің білім сапасын көтеру мақсатында 2 жыл бойы көлемді эксперимент жүргізген болатын.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бастығы Рақымбек Жолаевтың қолдауымен жүргізілген экспериментке 43 мектептің 2,3,6 және 7- сыныптарында оқитын 3171 оқушы мен 385 мұғалім тартылды. Өткен оқу жылында Отырар және Ордабасы аудандары бойынша аталмыш эксприментке қатысқан 1091 оқушының білім сапасы бүгінде 7,0 % көтерілсе, қатыспаған 1000-нан астам оқушының білім сапасы төмен деңгейде болған. Сондай-ақ, Төлеби ауданы бойынша дәл осы экспериментке қатысқан оқушылардың білім көрсеткіші 6,5 % жоғары болып отыр.

Алдағы уақытта білім сапасын көтерудегі қарқынды жұмыс басқарма тарапынан жандана түсетініне сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *