Ауыл шаруашылығы өнімдері ел аумағында еркін сатыла бастады

Spread the love

Жуырда Жетісай ауданынан жалпы салмағы 250 тонна қырыққабат тиеген 10 жүк көлігі “Дегдар” қайырымдылық қоры арқылы еліміздегі барлық балалар үйлеріне жолға шықты. Одан бөлек кәсіпкерлер есебінен 300 тонна орамжапырақ Алматы қаласына жөнелтілді. Шаруалардың қайырымдылық ісіне көпшілікте ризашылығын білдірді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен барлық аудандарда бір жерден екі өнім алу ісі кеңінен қолға алынған болатын. Алайда, биылғы әлемді дүрліктірген короновирус пандемиясынан сақтану шаралары күшейтіліп, жарияланған карантиндік режим алғашқы өнімді сатуда үлкен кедергілер тудырды. Шаруалардың өндірген қырыққабаттарының бағасы былтырғыдан төмен болды. Бүгінде бұл мәселе де оң шешімін тауып келеді. “Шаруалардың еңбегі зая кетпесін деп осындай әрекетке барып, еліміздің барлық ірі қалаларымен, облыс басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алғашқы жүк көліктеріне тиелген өнім Алматының 8 базарында сатылады. Баға ол жақта бізден жоғары. Жүк көлігінің жол ақасын, өнімді көлікке тиеушілердің еңбекақыларын түгелдей алматылық кәсіпкерлер көтеріп отыр. Сұранысқа қарай жақын күндерде тағы да жіберетін боламыз”,-дейді аудан әкімі Жамантай Қанайұлы. Мұнан бөлек, аудан диқандары тарапынан жылыжайларда егілген болгар бұрышы мен қызанақ, қияр өнімдері де пісіп, жергілікті базарларға жөнелтілуде. Жергілікті тұтынушылардың сұранысынан артылған көкөністер келіссөз жүргізілген өңірлерге жөнелтіледі деп жоспарлануда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *