Астананы көшіру — 1997 жыл 20 қазан

Spread the love

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан ядролық қарудан бас тартқанда әлем қалай таңқалса, ару Алматыдан, аңыраған Арқаға Қазақстан астанасын көшіру шешіміне де дәл солай «үрке қарағандар» көп болды. Бұл жайлы Елбасының өзі, «Шетелдік дипломаттарды алғаш рет Алматыдан Астанаға көшуге шақырған кезімде олардың көпшілігінің жүздерінен таңырқаушылық пен абыржушылық аңғарылғаны әлі есімде. Олар сол кезде бұрынғы астанаға енді ғана бой үйретіп, орналаса бастаған еді» деп еске алады. Сондай рухани, ақпараттық, тіпті кей тұста материалдық қарсылықтарға қарамастан 1997 жылы 20 қазанда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Елбасының тікелей қатысуымен, кейбір ғимараттардың нышанын, келбетін өзі сызып көрсетуімен, аз уақыттың ішінде Қазақстан астанасы адам танымастай өзгерді. Оған дәлел, Астана Арқада айшықталған екі жылдың ішінде, анығырақ 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына лайық деп табылса, 2011 жылы «ТМД мен ЕурАзЭҚ-тың үздік қаласы» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Ал араға 5 жыл салып, 2012 жылы Қазақстанның бас қаласы ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы құрметті миссиясын табысты орындап шықты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *