АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БАСТАЛАДЫ

Spread the love

Коронавирустық инфекцияның ықтимал екінші толқыны және ЖРВИ аурулары маусымының басталуын ескере отырып, қала әкімі Мұрат Қадырбек тұрғын үйлерге және мекемелерге жылуды мерзімінен бұрын беру туралы қаулы шығарды.

Қала әкімінің №409 қаулысына сәйкес, Арыс қаласында 2020-2021 жылдарға арналған жылыту маусымы 24 қазаннан басталады.

24 қазаннан бастап, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған денсаулық сақтау және мектепке дейінгі білім беру (балабақшалар) мекемелері, тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етілетін болады.

Ал жеке сектор тұрғындары үшін көмір қаланың әртүрлі бөліктеріндегі 3 нүктеде сатылуда.

2020-2021 жылдарға жылу беру маусымына дайындық барысына жасалынған іс-шараларға сәйкес, бюджеттік мекемелердегі жылу қазандықтары мен жылу жүйелеріне тиісті қысымдау жұмыстары жүргізіліп, тексеру барысында анықталған ақаулар шұғыл қалпына келтірілген.

Жалпы, Арыс қаласы бойынша 2020-2021 жылдарға жылу беру маусымында жылу энергиясын өндіретін 61 қазандық бар. Оның ішінде үлкен қазандық 4 дана, ал шағын қазандықтар саны – оның ішінде білім саласы-33, аурухана -18, мәдениет саласында-3 және денешынықтыру бөлімінде — 1.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *