Шымкент: жол апаты салдырнан ауыр жарақат алған жүкті әйелге дәрігерлер екі күрделі ота жасады

0

Шымкентте  дәрігерлер жол апатынан ауыр жағдайға түскен  жүкті әйелді аман алып қалды.

Ағымдағы жылдың 26-қараша күні, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жол апатынан  1995 жылғы жүкті әйел жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Ауыр жағдайда түскен науқасқа дәрігерлер шұғыл операция жасаған.

Жол апаты салдарынан пациентте  қосарланған жарақат, бас миының шайқалуы, көкірек қуысының қысылуы, қабырғалардың сынуы және көптеген сүйектердің сынуы анықталған.

Ақ халаттылар науқасқа екі  рет күрделі ота жасаған. Дәрігерлер операцияның бірінші кезеңінде жүкті әйелдің  жамбас сүйектеріне, кейін оң жақ сан сүйегіне және балтыр сүйегіне хирургиялық жолмен бекітуші апаратты  қойып берді.

Барлық ота сәтті өтіп, дәрігерлер қауіптің алдын алды. Аса күрделі отаны  №1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-травматологы академик Асхат Әбдімәуленов  және Эльдар Смағұлов  жасады.

Бес күн жансақтау бөлімінде жатқан науқас палатаға ауыстырылды. Қазіргі уақытта жүкті әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, өзін жақсы сезінеді. Барлық функционалды және қозғалыс қабілеттері сақталған. Күрделі операцияға қарамастан, жүктілік жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *