Шымкент: Қаратау ауданында еркін форматта жиын өтті

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен құрылтайда «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс» деген болатын.

Осы мақсатта — Қаратау ауданы прокуратурасы мен Қаратау ауданды жастар ресурстық орталығы Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде жастармен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Қаратау ауданы прокуроры, прокурор орынбасары, Қаратау ауданы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, аудан әкімі аппаратының әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зертеу орталығы» КММ-нің теолог маманы және әуесқой боксшы, 2013 жылғы әлем чемпионы қатысты.

Кездесу барысында қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлық, жастар арасындағы құқықбұзушылық, діни ағымдардан сақтану мен салауатты өмір салтын ұстану бойынша еркін форматта сұхбат жүргізілді. Сондай-ақ, жиын соңында жастармен кері байланыс орнатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *