Шымкент: «№1 өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы » КММ қамқоршылық кеңес отырысы өтті

0

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығында «№1 өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ қамқоршылық кеңесі өтті. Аталған орталық Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы құрамына кіреді және ұйым төрайымы Тургинбаева Лариса Владимировна қамқоршылық кеңес мүшесі болып табылады.

Жиынның күн тәртібіндегі басты мәселелер кеңестің төрағасын сайлау, 2023 жылы атқарылған жұмыстары қорытындылау және алдағы жылға жоспарлармен таныстыру болды. Мектеп директоры А.К.Бектемисова 2023 жылғы атқарылған жұмыс есебін беріп, сонымен қатар жаңа жылдық мерекеге дайындық жұмыстарын пысықтады.

Тарихын 1957 жылы «№ 3 Сайрам мектеп-интернаты» болып бастау алған мекеме қазіргі таңда «№1 өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ деп тіркелген. Балалардың өмір сүруі мен жан жақты дамуына барлық жағдай жасалып, заманауи техникамен жабдықталған орталық қабырғасында 70 бала тәрбиеленуде, олардың 34 ұл болса, қыз бала саны 36. Мектепте 22 педагог жұмыс істейді, олардың арасында жоғары санатты әдіскер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, қосымша білім беру педагогтары, нұсқаушы, ән айту бойынша педагог бар. Айта кетерлігі барлығы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымының кәсіподақ мүшелері болып табылады.

Отырыс соңында орталықтың өзге де мәселелері талқыланып, кеңес мүшелерімен 2024 жыл жоспары бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *