Шымкент: «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша» комиссияның кезекті отырысы өтті

0

Шымкент қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша» комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Аталған жиынға комиссия мүшесі ретінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының міндетін атқарушы Құрманбек Жарқынбек қатысты.

Бүгінгі таңға 1 желтоқсан жағдайы бойынша Шымкент қаласына 836 отбасы 1326 адам «қандас» мәртебесін алды. Ұзартқандар саны 57 отбасынан 75 адам құрады — барлығы 1401 адам. Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан — 1296 адам, Қытай — 16, Ресей — 8, Қыргызстан — 1, Ауғанстан — 2, Тәжікстан — 1, Туркия — 2 адам. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда-саттықпен және т.б. жалдамалы жұмыспен айналысады.

Шымкентте 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан  «қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» (бұдан әрі-Орталық) жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызметтер көрсету болып табылады.

Қазірге кезде бейімдеу қызметін 18 отбасынан 53 адам алуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына  145 қандас жүгінген. Олардың ішінен 97 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *