Шымкент: ақ халатты абзал жандар марапатталды

0

15 желтоқсан күні Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында «Тәуелсіздік күні»  мерекесіне орай, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының міндетін  атқарушы Құрманбек Жарқынбек және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық төрағасы міндетін атқарушы Оналбеков Қоблан ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.

Құрманбек Жарқынбек және Оналбеков Қоблан іс-шараға жиналған қатысушыларды   мерекемен құттықтап, марапаттар табыс етті.

Олардың арасында Жолдасов Серик Куралбекович Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясының  «Құрмет грамотасымен»  Шымкент қаласы, №2 қалалық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі, Кунтуреева Шакида Амангельдиевна Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясының төрағасының «Алғыс хатымен» ШЖҚ Шымкент қаласы «Залалсыздандыру орталығы» МКК, орта буын медицина қызметкері.

Жумадилова Динара Ақәділқызы — ШЖҚ «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК бас дәрігері, Рахимбердиев Сундет Абдихаймович — ШЖҚ МКК «Залалсыздандыру орталығы» директорының орынбасары төсбелгілермен марапатталды. Құрмет грамотасымен Усенбаев Ержигит Жумабаевич — Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың экономисті, Тен Светлана Владимировна — ШЖҚ «№2 қалалық   ауруханасы» МКК ревматология бөлімінің меңгерушісі, Джетписов Максат Кабилбекович — ШЖҚ  «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК аға фельдшері, Турманова Раушан Шаймерденовна —  ШЖҚ МКК «Т.О.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының»  ас-таратушы,  Искакова  Бахыткуль  Амангельдыевна — ШЖҚ РМК Түркістан облыстық филиалы «Ұлттық сараптама орталығы» Маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің бастығы марапатталды.

Ал Тажибаева Эльмира Жарылкасыновна —  ШЖҚ МКК «Қалалық диагностикалық орталығының» тазалықшысы, Шаханова Шынар Жокеновна — МКҚК «№2 оңалту орталығының» дәрігер-эксперті, Эргешов Асилбек Шазалиевич — ШЖҚ МКК «№12 Қалалық емханасының» невропатолог дәрігері, Турарова Гулжахан Шамшиевна — МКҚК «Меірім оңалту орталығының» палата санитары, Адырбеков Жанарыс Серікұлы — ШЖҚ МКК «№7 Қалалық емханасының» рентген дәрігері алғыс хаттармен марапатталды.

Марапаттары құтты болсын!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *