Шымкент: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады

0

Үшінші кезеңде  шеңберінде декларацияны бизнес өкілдері, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары тапсырады. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қадіржан Панбаев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

–Қала аумағында 114 707 жеке кәсіпкер мен 29 262 заңды тұлға тіркелген. Бұл міндеттеме «Әрекетсіз» мәртебесі бар жеке кәсіпкерлерге және Шымкент қаласындағы осыған ұқсас мәртебесі бар заңды тұлға басшыларына да қатысты болады. Аталған азаматтар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса, оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беру қажет. Сонымен қатар, өз қызметін тоқтатып, сенімсіз салық төлеушілер тізімінде тұрған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшысы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көруге болады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электрондық түрде ұсыну салық төлеушінің кабинеті арқылы, e-Salyq Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады,  – деді Қадіржан Әбдіхалықұлы.

Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 272 бабына сәйкес, декларацияны мерзімінде ұсынбаған жағдайда бірінші рет ескерту берілсе, бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *