Шымкент: халықаралық волонтерлер күніне орай форум өтті

0

Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Aidana plaza» қонақ үйінде Шымкент қалалық волонтерлер форумы өтті. Аталған іс-шара «Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  халықаралық волентерлер күніне арналды.

Еріктілер қазірдің өзінде көп іс атқарып келеді. Көпбалалы отбасыларға, мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізіп, қиын-қыстау уақытта шұғыл көмектесіп, аянбай қызмет етуде.

–«Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры Шымкент қаласында еріктілер күніне орай, алғаш рет форум ұйымдастырып отырмыз. Қазақта «Ерікті – еріккеннің ісі емес» деген керемет сөз бар. Осы құндылықты жастарға кеңінен түсіндіре білдік деген сенімдемін. Бүгінге дейін елімізде болып жатқан жағдай, қаншама істерде халықтың жанынан табылып жатқан осы еріктілер. Олар қоғамда өзін дәлелдеп те жүр. Жас кезінде волонтер болып жүргендер, қазіргі таңда көптеген жетістіктерге жетіп отыр, – деді «Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының директоры Қайрат Дәрібаев.

«Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық ұйымында бүгінде 50-ге жуық волонтер бар. Олар қаламыздағы мұқтаж жандарға қол ұшын созып, шынайы қуаныштың себепкері болып жүр.

–Еріктілер – өз халқына, ұлтына қызмет ететін адам. Адамдарға көмектесу, қуанышының себепкері болу өзіме қатты ұнайды. Волонтер қатарында жүргеніме бір жыл болды. Сол аралықта көптеген іс-шараның куәсі болып, түрлі жарыстарға да қатысып та үлгердім. Ал бүгінгі форумда өзімді дамытып, білім алу үшін қатысып отырмын. Достарымды да, бауырларымды да осы қоғамдық іс-шараға тартудамын. Сол арқылы өзімнің жаңа қырымды ашып келемін және жаңа орта таптым, – деді волонтер Қуаныш Сатыбалдиев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *