Шымкент: АИТВ-мен науқастану көрсеткіші төмендеді

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен «1 желтоқсан – ЖИТС-пен күрес күні» деп жарияланған. Атаулы күнге орай,  профилактикалық жұмыстар туралы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов  баспасөз брифингінде баяндады.

–Бүгінгі таңда қаламызда АИТВ-инфекциясымен жұмыс жасау дүниежүзілік стандартқа сай жоғары дәрежеде атқарылады. Бұл есепте тұратын науқастардың сәтті ем алуына, толық дені сау бала дүниеге әкелулеріне жол ашты. АИТВ-мен өмір сүретін 1676 адам антиретровирустық терапияны қабылдауда. Антиретровирусты терапияның қолжетімділігін кеңейтудің арқасында АИТВ инфекциясымен науқастану және өлім-жітім азайып, АРТ қабылдаушылардан вирус жұғу қаупі төмендеді. АИТВ-ға тестілеу — өзінің статусын білуге және терапияны алуға мүмкіндік береді. АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі, – деді Қожахмет Маширов 

АИТВ-инфекциясын емдеу сапалы, сертификатталған антиретровирусты препараттармен жүргізіледі. 2023 жылы «СК-Фармация» ЖШС-мен жалпы сомасы 814 579,7 мың теңгеге АРВ препараттары жеткізілген.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша кәмелетке толған ЖИТ- пен тіркеуде тұратындар ішінен  8 отбасы құрылып, оның  5-еуі  балалы болған. Бүгінде ол  отбасыларда 12 сау нәресте дүниеге келді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *