Шымкент: амбулаториялық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 2,6 есеге өсті ⁣⁣

0

Диспансерлік есепте тұратын азаматтарға 49 нозология бойынша тегін-дәрі дәрмек берілсе, биыл олардың саны 131-ге ұғайды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀—Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі  2020 жылдан бастап  енгізілді. 2023 жылдың 10 айында медициналық қызметтер бойынша 107 100 науқас стационарлық жағдайда емделген. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша – 14 370 адам ем алса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 92 730 науқас қаралды. Сондай-ақ,медициналық көмек көрсетудің басым бағыттарының өзгеруіне орай медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы өсті. Қазан айынан бастап дәрігерлердің орта жалақысы – 455 410 теңге, орта буын медициналық қызметкерлерінікі 245 063 теңгеге жетті,– деді Сәбит Райымбекұлы. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀Сәбит Құралбектің айтуынша, ересектер мен балаларға  оңалту емі  2 есеге артқан. Оңалту ем шараларының да түрлері ұлғайған. 2019 жылы кардиологиялық кардиохирургиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары 12 медициналық ұйымда жүргізілсе,2022 жылы қосымша травматологиялық, пульманологиялық бағыттары қосылған.⁣⠀

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *