Вице-министр Шымкент қаласына іс-сапар барысында баспасөз мәжілісін өткізді

0

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Ақпараттық-коммуникациялық  орталығының  медиа алаңында БАҚ өкілдеріне баспасөз мәжілісін өткізді.

Конференция  барысында вице-министрі әлеуметтік-еңбек саласындағы инновациялар, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау туралы айтты.

Өз сөзінде Ербол Оспанов Әлеуметтік кодексті іске асыру кезеңдері туралы айтып, жаңа әлеуметтік саясат Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды өзгерістердің маңызды аспектісі болып табылатынын атап өтті.

«Бұл өзгерістердің негізі Әлеуметтік кодексте көрсетілген. Онда мемлекеттік әлеуметтік қолдау парадигмасын түбегейлі өзгерту көзделген: ол әлеуметтік сын-қатерлердің салдарын жоюға емес, керісінше өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға көбірек бағытталатын болады. Бұдан басқа, әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдету және соның арқасында әлеуметтік қолдауды алудың бүгінгі өтініш беру нысанынан, адресті анықтау нысанына және оны проактивті форматта көрсету жүйесіне көшу қарастырылған.

Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, жұмыс берушіге және азаматтың өзіне де жүктелетін болады. Бұл міндеттемелер жаңа әлеуметтік келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту жөніндегі шаралар нәтижелі және ресми жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады», – деді Е. Оспанов.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams   сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *