«Үрейден ойсыз әрекетке барды». Смайылов Алматыдағы жер сілкінісі туралы

0

Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыдағы жер сілкінісі кезінде халықты хабарландыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көргеніміздей, ТЖМ-нен бастап әкімдіктерге дейін мемлекеттік органдардың бүкіл қызметтері болған оқиғаға әрекет ете білді. Бақытқа орай, қаза болғандар мен салмақты шығын жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар, — деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Смайылов шұғыл жағдайда халықты құлақтандыру қызметі әлсіз болғанын сынады.

Адамдар уақтылы ақпараттандыру мен айқын әрекет болмағандықтан, байбаламға бой алдырды. Олар 2, 3-қабаттан секіріп, ойсыз әрекеттерге барды. Бұл құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын, халыққа барынша ерте хабар таратып, хабарландыру керек болғанын көрсетеді, — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр сейсмикалық қауіп бар өңірлерде оқу-жаттығуды жиі өткізу керегін айтты.

Азаматтарға мұндай жағдайдағы әрекетінің жүйелі болу керектігін түсіндірген дұрыс. Сейсмикалық қауіп бар өңірлерде оқу-жаттығуларды жиірек өткізу керек деп топшылаймын. Халық әрекеттер алгоритмін тәжірибеде білуі керек, — деді Үкімет басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *